Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу: Қазақстандықтар жаңа жылға дейін төменгі жеткіліктілік шегін пайдалана алады

Қазақстандықтар жыл соңына дейін өтініш беріп үлгерсе, артылған зейнетақы жинақтарын пайдалана алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов айтып берді.

Оның айтуынша, жаңа жылдан кейін зейнетақы жинақтары үшін ең төменгі жеткіліктіліктің жаңа шектері күшіне енеді.

"Адамдар өтініштерін осы жылдың соңына дейін тапсыратын болса, олар ағымдағы жылдың соңына дейін жарамды болып табылатын ағымдағы жеткіліктілік шегін басшылыққа алады. Егер адам бұл құқықты Жаңа жылдан кейін пайдаланса, жаңа жеткіліктілік шегі бойынша есептелетін болады", - деді БЖЗҚ басқарма төрағасы.

Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілік шегі айтарлықтай ұлғайтылады.

Талқылау