Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы қорындағы қаражатты алу үшін: Алаяқтар қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлауда

Алаяқтар қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қолдануда. Бұл туралы зейнетақы қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз адамдар зейнетақы қорындағы қаражатты алу туралы жалған хат жіберіп, жеке тұлғалардың деректерін ұрлауда. 

БЖЗҚ қолданушылары өздеріне түсініксіз хабарлама келіп жатқаны туралы айтты. 

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры " Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арнайы шотына аудару туралы" деген мәтіндегі хат жібермейді", - деді зейнетақы қорының баспасөз қызметі. 

БЖЗҚ салымшыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты хабарламалар жібермейді және салымшының жеке деректерін сұрамайды.

Олар таныс емес сайттарға бағыттайтын, күмәнді сілтемелерге кірмеуге шақырады. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтынан және уәкілетті оператор болып табылатын банктердің интернет-ресурстарынан тексеруді сұрайды. 

STAN.KZ
Жұма, 29 Қаңтар, 2021 16:21
Талқылау