Зейнетақы қорын алу: Үкімет жеткіліктілік шегін қалай есептейтіні белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қамту вице-министрі Сарбасов зейнетақы қорын алу үшін жеткіліктілік шегі қалай есептелетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақарат агенттігі.
Мәжілістің пленарлық отырысы кезінде депутаттар жеткіліктілік шегін қандай жүйе арқылы есептейтінін сұрады. Вице-министр зейнетақы қорындағы жинақты алғанымен, зейнетке шыққан кезде де қаржымен қамтамасыз етілетін адамдардың жинақтағы қаражатын мерзімінен бұрын ала алатынын айтты.
"Заң жобасында жеткіліктілік шегін анықтау тәсілін үкімет бекітеді. Осы тәсіл аясында зейнетақы қорына қаражат жинаған адамдардың ішінде талаптарға сай болғандары ғана ақшасын ала алады. Қазіргі таңда талапқа сай келетін 70 мыңға жуық тұрғын бар. Олар 1,4 трн теңгені қолдана алады. Бұл халықтың жеке құқығы. Қаражат әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қолданылуы керек. Ал жеткіліктілік шегін орнатудағы басты мақсатымыз - халықты жеткілікті зейнетақымен қамтамасыз ету. Бұл кейбір параметрлерді ескере отырып, жүзеге асырылатын болады. Халықтың жалпыға ортақ зейнетақы алуын ұйымдастыру үшін жеткіліктілік шегі бекітілді", - деп жауап берді вице-министр Сарбасов.
Еске салсақ, осыған дейін мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы қаражатты алу туралы заң жобасы дайындалатынын айтқан болатын. Соған сәйкес, қазақстандықтар қордағы қаражаттарын ипотека жабу, білім алу, тұрғын үй мәселесін реттеу үшін қолдана алады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
