AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жиған-терген зейнетақымның түгі қалмай жанып кетті": Риддер тұрғындары өрттен қалай бас сауғалағанын айтты

Риддердегі өрт кезінде жұрт бас сауғалап, жан-жаққа қашқан. Тіпті арасында құжаттарын алып үлгермегендер де бар. 37 үйдің отқа оранып, 80-нен астам адам баспанасыз қалды. Дегенмен шенеуніктер олардың ешбірі көшеде қалмайды деп сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Лидия Карыпова – өрттен соң көшеде қаңғып қалғандардың бірі. Күлге айналған үйін көріп, өксігі тамағына тығылған қария шыны ыдысын көріп көз жасын әрең ұстап тұр. Бұл банкінің ішінде 82 жастағы зейнеткер нан-пұлға деген соңғы ақшасын сақтап қойған екен. 

"Полиция қызмкеткері жүгіріп келіп, құжаттарыңызды алып, үйден тез шығыңыздар деді. Құжатымды ғана алып үлгердім. Кеше ғана зейнетақы алған едім. Ол ақша да өртеніп кетті. Үстімдегі киімнен басқа ешнәрсем қалмады", - деді ол.

Өрт лап қойғанда асханада қамыр илеп отырған екен. Үй киіммен қалған зейнеткерді көршілері паналатып отыр.

Қазір мұнда қариялар тұрмақ, жастар қайда барарын білмей дал. Мәселен, Соколовтар отбасы жақында ғана шаңырақ құрған. Сылағы әлі кеппеген, жап-жаңа үйін кешегі өрт жалмап кеткен. Оксана құжаттарын да алып үлгермеген. Тек есік алдында байлаулы тұрған ит пен сарайдағы малын босатуға шамасы жеткен. 

"Біздің малымыз бар. Алысқа көшіп кете алмаймыз. Көшкенде қайда барамыз? Сондықтан үйді қайта соғамыз деп отырмыз. Ертеңгі күніміз не болады? Білмейміз. Қатты қорқып отырмыз", - деді Оксана Соколова.

Барлығы 37 үй өртенген. 83 адам далада қалды. Оның 10-ы бала. Үйсіз қалған 13 адам жатақханаға орналастырылды. Қалғаны туыстарын паналады. Барлығы дерлік үй киіммен шығып кетіпті. Тым болмаса құжатын тауып алуға үміттенген жұрт өртенген үйлерінің орнына қайтып келгенімен, қара жерді шұқып қалды.

Дегенмен атқамінерлер өрт кесірінен үйсіз қалған бірде-бір отбасы далада  қалмайды деп сендірді. 

"Үйсіз қалған азаматтардың барлығына баспана беріледі. Егер кімде-кім үйін қалпына келтіргісі келсе, біз мемлекет есебінен қалпына келтіруге көмектесеміз", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов дүние-мүлікті де қалпына келтіріп беруге сөз берді. Одан бөлек, жұрт арасында кешегі қызыл жалында тұрғындармен бірге өрт сөндірушілер де қашты деген алып-қашпа әңгіме тараған. Алайда облыс басшысы құтқарушылардың маңдай тер еңбегіне шүбә келтіргендерді тыйып тастады. 

"Қашты деп айтқандармен мен мүлдем келіспеймін! Олардың жанын шүберекке түйіп күрескенін өз көзіммен көрдім!", - деді аймақ басшысы.

Ал үйлердің күлі көкке ұшып, жермен-жексен болуына сарайда сақтаулы тұрған газ баллондары да себеп болған екен. Өрт кезінде бірінен соң бірі жарылып, өрт сөндірушілердің өміріне қауіп төндірген. Сондықтан газ баллондарына қатысты да тексеру басталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр