Зерттеу: Адам аптасына 39 сағаттан артық жұмыс істемегені жөн
Ғалымдар әйелдердің бұдан да аз уақыт еңбектенгені дұрыс болады деп отыр
Австралиялық дәрігерлер адам аптасына 39 сағаттан артық жұмысқа жегілмеуі керек деп шешкен. Ауыр жұмыс уақыты адам денсаулығына тек физикалық жағынан емес психологиялық тұрғыда да үлкен зиян әкеледі екен. Бұл жөнінде Австралиялық ұлттық университет сайтында жарияланды.
Мамандар жұмысқа берілген адам дұрыс тамақтану режимінен кетіп, өзіне көңіл бөлуді азайтады.
Австралия тұрғындарының 65 пайызы аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді екен.
Бұл зерттеу 8 мың тұрғынның арасында сауалнама жүргізу бойынша жасалған.
Линдал Страздинс есімді ғалым жақсы нәтиже ұзақ уақыт жұмсалған еңбектің жемісі деген ұстанымда.
Ғалымдар жұмысынан қайтқан әйелдер демалмастан үй шаруасына кірісетінін ескере отырып, олар үшін жұмыс аптасын тағыда қысқарта түсу керек деген шешім қабылдаған.
Оқи отырыңыз:
Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты
Түйіндемені қалай жазу керек: Қызға жұмыс ұсынушылар бірден көбейген
Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді
“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?