Түркістанда қылмыстық топ заңсыз темекі өнімдерін жасап сатқан (видео)
Түркістан облысында қылмыстық топ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін снюс заңсыз темекі өнімдерін әзірлеп, сатумен айналысқан. Өңірдегі қаржы мониторингі агенттігі цехтің қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
1 000 шаршы метр аумағы бар цехта күнделікті 30-дан астам қызметкерлер жұмыс істейтіні белгілі болды.
Шикізат дайындау мен логистиканы ұйымдастырудан бастап Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және басқа өңірлерде ірі көтерме жеткізушілер арқылы өткізу арналарына дейінгі қылмыстық қызметтің барлық схемасы анықталды.
“Заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам тыйым салынған дайын өнім, 28,8 миллион бір реттік дозаны құрайтын 14,4 тоннадан астам темекі, 3,3 мың литрден астам хош иістендіргіш пен улы қоспалар, сондай-ақ өндірістік жабдықтар алынды”, – делінген хабарламада.
Тексеріс нәтижесінде цех жойылды.
Бұған дейін астаналық кәсіпкер заңсыз цех ашып, тартылған етке тұяқ қосқаны туралы жазған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі