"Зерттеу 85 жыл бойы жүргізілген": Ғалымдар бақытты адамдарда болатын әдеттерді атады
Гарвард университетінің ғалымдары 85 жыл бойы жүргізілген ауқымды зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Оның басты мақсаты – қандай өмір салты адамдарды бақытты ететінін анықтау. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеу бірнеше мақалалардан тұрады. Онда авторлар 1939-1944 жылдар аралығында Гарвардтың 268 түлегін зерттеп, сипаттады. Қатысушылар зерттеу барысында сауалнамалар толтырып, сұхбаттан өтеді және денсаулығы туралы мәлімет береді.
Кейінгі кезеңде барлық қатысушылар екі топқа бөлінді: бақытты және бақытсыз. Ғалымдар бірінші топтағы адамдарда екінші топтағы еріктілерге қарағанда, қартайған шағында өзін бақытты және сау сезінетін жеті әдет бар екенін байқаған.
Зерттеулерге сәйкес, бұл бақытты және жақсы өмір сүруге әкелетін күнделікті әдеттер:
- Темекі шекпеу;
- Алкогольді асыра пайдаланбау;
- Қалыпты салмақты сақтау;
- Күн сайын жаттығуға уақыт бөлу;
- Жаңа білімге құмар және ашық болу;
"Жаңа білімге және тәжірибеге инвестиция салыңыз", - дейді ғалымдар.
Адаптивті күрес стилін қабылдау қақтығыстарды шешудің сау әдістерін табу және қолдану дегенді білдіреді.
Тұрақты, ұзақ мерзімді достық пен махаббат қарым-қатынасын сақтау.
2001 жылы зерттеу авторларының бірі доктор Джордж Э. Вейлант атап өткендей, жақсы қартаю генімізге емес, өзімізге байланысты.
"Сіз күйзеліске түспей, ауырмай, бақытты өмір сүріп, сау қартая аласыз. Өз салмағыңызды қалыпты ұстап, физикалық белсенділікті арттырып, жаңа білім алуға ұмтылыңыз. Темекі мен алкогольді шектен тыс пайдаланбауға тырысыңыз", – деді Джордж Э. Вайлант.