Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский украиндық ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты пікір білдірді

Украина президенті Владимир Зеленский Тегеран маңындағы ұшақ апатында қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Украина басшысы Facebook желісінде жазды. 

"Таяу Шығыстан келген суық хабар. Ұшақ апатында опат болған марқұмдардың туыстарына қайғыра көңіл айтамын", - дейді Зеленский. 

Зеленский Ирандағы Украина елшілігі аталған жайт бойынша істің мән-жайын анықтайтын болатынын жеткізді. 

Бұған дейін 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ апатқа ұшырағаны айтылған еді. Кейіннен Иранның авиация министрлігі құлаған ұшақтың ішінде болған ақпаратты толықтырды. Ирандық министрліктің өкілі Джаафар Заденің айтуынша, ұшақта 167 жолаушы болған. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы тірі қалмапты. 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Қаңтар, 2020 11:23
Талқылау