Зеленский НАТО-ға мүше елдердің нақты ұстанымы жоқ екенін айтып, сынға алды
Вильнюстегі НАТО саммитіне сапары қарсаңында Владимир Зеленский альянс елдеріне қарсы мәлімдеме жасады. Олардың Украинаның мүшелігіне қатысты нақты ұстанымы жоқ екенін айтып, сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Украина президентінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз одақтастарымызды құрметтейміз! Қауіпсіздігімізді бағалаймыз! Украина Вильнюстегі НАТО саммитіне қатысады. Өйткені бұл біздің елге деген құрмет. Украина құрметке лайық.
Алайда Вильнюске бармай тұрып Украинасыз тұжырым талқыланып жатыр деген хабар алдық. Соған қарағанда, Украинаны НАТО-ға шақыруға, альянсқа мүше етуге әзірлік жоқ сияқты. Бұл Украинаның НАТО-ға мүше болуы үшін әлі де уақыт керек дегенді білдіреді. Уақытты соза беру Ресейдің террорлық әрекетті әрі қарай жалғастыруына мотивация болары анық.
Белгісіздік - бұл әлсіздік. Бұл туралы саммитте ашық айтатын боламын" - деді Зеленский.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ