Зеленский араға екі жыл салып Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы Украина елшісі қызметіне Петр Врублевскийдің орнына жаңа адамды тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Петр Врублевский және Виктор Майко
"Виктор Анатольевич Майко Қазақстан Республикасындағы Украина Республикасының төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындалсын", – делінген Зеленскийдің жарлығында.
Айта кетейік, 2022 жылы Петр Врублевский орыс этносының өкілдеріне қарсы өліммен қорқытқан мәлімдеме жасаған еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы ол кезде украин елшісінің орыстарға қатысты айтқан сөздерін айыптады. Елші сыртқы істер министрлігіне шақырылып, кейінірек оның өз сөздері үшін кешірім сұрағаны белгілі болды.
2022 жылғы 4 қазанда Украина елшісі Петр Врублевскийге байланысты Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев Ресей сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Ал 5 қазанда ҚР СІМ Украина елшісі Петр Врублевскийдің Украина тарапының шешімімен Қазақстаннан кететінін мәлімдеді. Сондай-ақ Захарованың мәлімдемесі Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынастар сипатына сәйкес келмейтінін айтты.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Захарованың мәлімдемесіне пікір білдіріп, оның Врублевскийдің онсыз да Қазақстаннан кететінін біле тұра, жағдайды пайдаланып кеткенін айтты. Ал депутат Азат Перуашев Ресейден Қазақстанның мемлекеттік егемендігін құрметтеуді талап етті.
Осылайша, Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин сыртқы істер министрлігіне шақырылып, онымен қатаң әңгіме жүргізілді. Кейін Петр Врублевский Қазақстандағы Украина елшісі қызметінен кетті.
Еске салайық, бұған дейін 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кеткен. Ал АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасаған. Осыдан соң Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап етті.