Зеленский: "Біз соғыстың соңын көріп тұрған жоқпыз"
Украина президенті Владимир Зеленский Chatham Hous британдық халықаралық қатынастар институтындағы бейнеконференцияда сөйлеген сөзінде соғыстың аяқталуы мен Ресейдің соғыс қимылдарын тоқтататын белгілері білінбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін кең ауқымды соғыстың 72-ші күні. Бірақ әлі соғыстың бітер уақыты көрінбейді. Тіпті Ресей тарапынан оны аяқтауға деген болмашы ниетті сезінбей тұрмыз. Ресей бастаған осы соғыстан қанағаттанарлық шешім жолдарын да көрмейміз", - деді Зеленский.
Оның пікірінше, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату жөніндегі келіссөздердегі алғашқы қадам ресейлік әскерлерді биыл 24 ақпаннан бері басып алған Украина аумақтарынан шығару болуы мүмкін.
"Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға қатысты дипломатиялық форматты ашу үшін, қалыпты келіссөзді бастау үшін, осы соғыстың аяқталуындағы ең аз қадам толық ауқымды басып кіруге дейінгі жағдайды қалпына келтіру болуы керек. Олар қолданыста болған байланыс және демаркация шебіне шегініп, осы шептерден әскерлерді шығаруы керек", - деді Украина президенті.
Зеленский Ресейдің өз еліне қарсы агрессиясын "Еуропаға ХХ ғасырдың ең сорақы сәттерін көрсеткендей кең ауқымды басып алу" деп сипаттады.
Украина президенті Ресейдің Украина теңіз порттарын қоршап алуын, азық-түлік экспортына кедергі келтіріп, халық шалшықтан су ішетіндей деңгейде Мариупольде аштықты қару ретінде пайдаланғанын айтып айыптады. Ол жерге азық-түлік әкелуге, оның ішінде халықаралық ұйымдарға да әдейі рұқсат бермегенін жеткізді.
Ресейді ғана емес, кез келген ықтимал қатыгездікті тоқтататын 24 сағат ішінде тоқтата алатын U24 (United-24) аталатын жаңа құралды ұсынды.
Бұл бастама бір күн ішінде қатыгездік құрбанына барынша көмек көрсетуді көздейді. Зеленскийдің айтуынша жүйе табиғи апаттарда немесе әлеуметтік оқиғаларда адамдарды мүмкіндігінше тезірек құтқаруға көмектесе алады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
