"Ресей дайын екенін айту керек": Зеленский Путиннің алда болатын келіссөз жайлы мәлімдемесіне жауап берді
Фото: Imago/Chris Emil Janssen
Владимир Зеленский желідегі жазбасында Украина АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысты аяқтау мақсатындағы әрекетін қолдайынын атап өтті. Сондықтан ол тағы да Путинмен көшбасшылар деңгейінде кездесу өткізуге дайын екендігін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зеленскийдің айтуынша, Мәскеу өз бітімгершілікке дайын екенін көрсетіп, техникалық кездесулер мен нәтижесіз мәлімдемелерді шетке ысырып, нақты әңгімеге көшуі тиіс.
“Біз Ресей тарапынан болған мәлімдемелерді естідік. Егер бұл олардың соғысты абыроймен аяқтап, шынайы әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға шын ниетті екендігінің белгісі болса, тек соғысты жалғастыруға немесе санкцияларды кейінге шегеруге бағытталған әрекет болмаса, онда Украина кез келген уақытта көшбасшылар деңгейінде кездесуге дайын екенін тағы да растайды”, – деді Украина президенті.
Ол Путиннен нақты келіссөзге көшуді талап етіп отыр.
“Ресейде шешімді кім қабылдайтынын және бұл соғысты кім тоқтатуы керек екенін жақсы білеміз. Мұны бүкіл әлем біліп отыр. Украина мәлімдемелер мен техникалық деңгейдегі кездесулерден көшбасшылар арасындағы нақты әңгімеге көшуді ұсынады. Бұл бастаманы Америка көтерді. Украина оны қолдады. Енді Ресей дайын екенін айту қажет", – деді Зеленский.
Еске салайық бұған дейін Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Украинада бейбітшілік орнағанын қалайтынын айтып, атысты тоқтату үшін өз шарттарын атады. Ол Украина Кремльдің 2024 жылғы маусымда жариялаған барлық талаптарын орындауы тиіс деп мәлімдеді. Атап айтқанда:
-
Қырым, Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын әкімшілік шекараларымен бірге Ресейге беру;
-
Украина қарулы күштері мен қару-жарағын қысқарту;
-
Халықаралық одақтарға кірмеуге және ядролық мәртебені қайтармауға міндеттелу;
-
Елде "денацификация" жүргізу.
Путин осы талаптар орындалғанда ғана соғысты тоқтатуға дайын екенін айтты.
Ми бачимо та підтримуємо зусилля Президента Трампа для закінчення російської війни, усіх вбивств та для досягнення достойного і тривалого миру. Ми вдячні всім у світі, хто підтримує роботу заради миру та допомагає нам захищати життя.
— Volodymyr Zelenskyy / Володимир Зеленський (@ZelenskyyUa) August 1, 2025
Ми чуємо заяви з Росії, і якщо це сигнал про…

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
