Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский әйел адамды сыртқы барлау қызметіндегі жетекшінің орынбасары етіп тағайындады

Украина президенті Владимир Зеленский елді сыртқы барлау қызметі жетекшісінің орынбасары етіп Екатерина Слядневаны тағайындады. Бұл туралы президенттің сайтында жарияланған жарлықта айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 24 шілдеде құжатқа қол қойылды. 2018 жылға дейін Сляднева киевтік прокуратурада жұмыс істеген. Сол жерде ол қылмыстық өндірістегі басқарманы бақылаушының орынбасары ретінде еңбек етті. Сот құрылысы, прокуратура, адвокатура мамандығы бойынша бизнес және құқық университетінде білім алған. 

Осыған дейін мемлекет басшысы Руслан Демченконы мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындаған еді. Ол бұл қызметті Петр Порошенко билік еткен жылдары, яғни 2014-тен  2019-ға дейін атқарған. Зеленский президент болып сайланғаннан кейін Демченконы орнынан алып тастады. 

STAN.KZ
Жұма, 26 Шілде, 2019 07:48
Талқылау