Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөлмені лас ұстадыңдар дейді": Шетелдік студенттер Алматыдағы жатақхана өкілдері әділетсіздік көрсетті деп шағымдануда

Алматыдағы жеке жатақханалардың бірінде жанжал шықты. Тұрғындар келісімшартты айналып өтіп, жалдау ақысын жылына бірнеше рет көтеретінін, ал шетелдік студенттер үшін тарифтер одан да жоғары екенін айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Пәкістан мен Мысырдан келген бірнеше студент әділетсіздікке ұшырадық деп наразылық танытты. Айтуларынша, жергілікті тұрғындар пәтер ақысына 140 мың төлесе, шетелдік студенттер одан 25 мың теңге артық көп төлейді екен. Ал депозит 80 мың теңгені құрайды.

"Жақында әкімшілік иелері ақшасын төлеп қойғанымызға қарамастан, біздің барлық заттарымызды дәлізге лақтырды. Есеңгіреп қалдық. Олар бізді шығаратынын, ақша мен депозитті қайтармайтындарын айтты. Бөлмені лас ұстадыңдар деп қуып шықты. Біз бөлмені ластамадық. Тіпті ақшаны қайтару үшін тазалауға да келістік. Алайда олар келіспей қойды”, – деді студент Нареш Қана. 

Жергілікті студенттер де тұрмыс жағдайына көңілдері толмайтынын айтады. Жалдау ақысы  ескертусіз бірнеше рет өседі дейді.

Белгілі болғандай, келісімшартта кешіктірілген төлем бар, алайда кейбір заңгерлердің пікірінше, құжатта 1,5 пайызды көрсетсе, ол 0,1 пайыздан аспауы керек. Осыған байланысты адвокаттар сотқа жүгінуді ұсынады.

Талқылау