Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова сахнаға қайта оралу үшін 25 келі салмақ тастаған

Ұзақ уақыттан бері өмірдегі басты міндетін атқарып жүрген әнші Зарина Омарова сахнаға қайта оралды. Әнші «Ертегі әлемі» атты әніне бейнебаян түсіріп жатыр. Омарова сахнаға деген, әнге деген сағынышын аталмыш туынды арқылы жеткізбек.

омарова зари

«Мен әнді сүйемін, әнге асығып жүрдім осы уақытқа дейін. Сахнаға асығып жүрдім. Әнсіз өмірім басқаша» дегенді жеткізгім келді. Әнге деген махаббатымды білдіреді. 25 килограмм тастадым, оның бәрі сахна үшін, образымды өзгертіп, халықтың алдында басқаша қалыпта көрінгім келді», – деді әнші НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

Омарова заманауи шоу-бизнес ағымына ілесе алмай қалудан қорқатынын мойындады.

«Шоу-концерттер беріп жатыр неше түрлі, соның бәріне үлгеру, соның бәрінен қалмау, әрине, біз үшін, бұрыннан айтып жүрген әншілерге қиындау. Сахналастарымнан Мәдина (авт. Сәдуақасова) көп еңбектенді, көп жұмыс істеді. Сол себепті одан үлгі алуға болады», – деп атап өтті әнші.

Жіберіп алмаңыз: 

Маржан Арапбаева: Мектепте бірінші атаман болдым

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобының 9 түрлі жақсы қасиетін атады (видео)

Айдана Меденова кішкентай қызын ән айтуға үйретуде (видео)

Әнші Жазира шашы ұзын қыздар арасында байқау ұйымдастырды (фото)

Талқылау