Зарина Дияс US Open іріктеу турнирінде бақ сынайды
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-та өтетін US Open іріктеу турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нью-Йорк қаласында теннистен АҚШ ашық чемпионатының іріктеу турнирі бастау алды. Ерлер арасында іріктеу сайысында Қазақстаннан 5 теннисші бақ сынаса, әйелдер арасында Зарина Дияс та өнер көрсетеді. Әйелдер арасында рейтингіде 580-орында тұрған Зарина Диястың алғашқы қарсыласы да анықталды. Отандасымыз әлемнің 209-ракеткасы, қытайлық Есинь Мамен кездеседі. Ерлер арасында Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Дмитрий Попко, Тимофей Скатов және Бейбіт Жұқаев өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін ауруына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Путинцева АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңіліп қалғанын жазған едік.
Талқылау

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мөлдір Мұқан: "Күйеуімнен қолдау таппадым"

"Арық жүйесі - кедейшіліктен туған шарасыз шешім": Алматы неге жаңбыр жауса су астында қалады
Оның айтуынша, үш миллионға жуық халқы бар Алматыда басқа ірі қалалардағыдай жаңбыр суын әкететін арнайы кәріз жүйесі жоқ