Зардап шеккендер бар: Мәскеуде балалар сауда үйі өртке оранды (видео)
Өрт Мәскеу шығысындағы «Персей для детей» сауда орталығында тұтанды. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер бар, алайда олардың нақты саны белгісіз.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Сауда үйіндегі адамдар өрт сатысы арқылы сыртқа шығарылуда. Бұдан өзге ақпарат әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Ресейдің Кемерово облысында орын алған еді. 25 наурыз жексенбі күні «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт тұтанып, 64 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың 41-і балалар.
Тағы оқыңыз:
Оралда ит өз қожайынын тістелеп өлтірді (видео)
Лисаковскіде төбелесті тоқтатпақшы болған ер адам қайтыс болды
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"