Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зардап шеккендер бар: Қарағандыда жаппай төбелес болды

Қарағандыда болған жаппай төбелес кезінде үш ер адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің бірі ауруханада жатыр.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

төбелес

Төбелеске қатысушылар басқосу кешін қаланың ойын-сауық мекемелерінің бірінде, бірақ түрлі компанияларда өткізген. Жанжал паб жабылғаннан кейін, көшеде болған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері төбелесті тоқтатуға мәжбүр болды. Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары төбелеске не себеп болғанын анықтап жатыр.

"Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады, полиция бөліміне жеткізді. Үш адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жағдай анықталуда", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Ауруханаға түскен адам бауырынан жарақат алды.

"Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа. Оң динамика байқалады. Жалпы, науқас өзін жақсы сезінеді. Қабылдау кезінде пациенттерден алкогольдік масаңдық куәландырылды. Құқықтық құжаттарға сәйкес барлық талдаулар алынды. Қазіргі уақытта талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы травматологиялық қызметінің ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Айта кетейік, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау