Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зардап шеккендер бар: Атырауда балалар аттракционы құлады

Атырауда әткеншек құлап, балалар зардап шекті. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай 16 шілдеде, шамамен 22:30-да болған. Ата-аналар балаларды аттракционға отырғызған, бірақ әткеншектер бірден тоқтап, құлаған.

"Балалар жеңіл жарақат алды. Алдымен оларды жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына апарып, кейін үйлеріне қайтарды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Атырау облысы бойынша ПД баспасөз қызметі ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

 

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 17 Шілде, 2022 13:22
Талқылау