Жапония Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан мұнайына көшпек

Ормуз бұғазының жабылуы Жапонияны мұнай импортын қайта қарауға мәжбүр етті. Енді Токио Таяу Шығыс шикізатының орнын Қазақстан мұнайымен алмастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жапония билігі ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін ұлттық мұнай резервінен 20 күндік қорды босатпақ. Қазір олар бірқатар елдермен мұнай жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұған дейін Жапония мұнайдың 95%-ын Таяу Шығыстан сатып алып келген, алайда Ормуз бұғазы жабық қалып отыр.
Сондықтан Токио Таяу Шығыс мұнайының орнына Қазақстан мұнайына көшуі мүмкін. Ел билігі Таяу Шығыстан келетін импорттың жартысына дейінгі бөлігін алмастыруды көздеп отыр. Қазақстаннан бөлек, Жапония АҚШ, Малайзия, Латын Америкасы және Африка елдеріндегі жеткізушілерге де жүгінген.
Наурызда Жапония стратегиялық резервтен мұнай босата бастаған еді. Қазір елдің мұнай қоры 230 күнге жетеді.
Наурыз айының соңында Inpex мұнай-газ компаниясы (Қашаған кен орнын игеруге қатысушы) Қазақстан мен Әзірбайжаннан алынатын мұнайдың бір бөлігін ішкі нарыққа бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығуы кейін күшейген еді. Дональд Трамп Иранға қысым жасап, оның мұнайына бақылау орнату туралы бірнеше рет мәлімдеген еді. Ал Тегеран өз кезегінде қысымға қарсы тұратынын айтып, аймақтағы жағдай ушыға түскен еді.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
