Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған кафені сырып тастады

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы Медеу ауданында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңсыз салынған мекемені сырып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тексеру барысында Достық даңғылы бойында орналасқан және шаруашылық тәсілмен салынған жазғы кафенің жерге заңсыз салынғаны, нысан пайдалануға беру актісіз пайдаланылғаны анықталды.

Анықталған бұзушылық фактісі бойынша, басқарма кафе иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 323 бабы "белгіленген тәртіппен пайдалануға берілген объектілер мен кешендерді пайдалану" бойынша шаралар қабылдады.

Сондай - ақ ҚР ӘҚБК 319 бабы "жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салу" бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына (МАӘС) жіберілді.

МАӘС қаулысына сәйкес кафе иесі ҚР ӘҚБК 319-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, 41 670  теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды. Қазіргі уақытта нысан бұзылды.

Талқылау