Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңның ішіндегі ең тәуірі": Жұлдыз Әбдікәрімова балаларға қатысты заң жобасын қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаржы төлеу туралы заңға қол қойды. Осыған орай танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қолдап, оқырманға заңның жүзеге асу барысын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", – делінген еді Ақорда хабарламасында.

“Жаңа Қазақстанда қабылданған заң ішінен ең тәуірі осы болды. Келер жылдың 1 ақпанынан бастап елдегі барлық 18-ге толмаған балалардың жеке есеп шоты болады. Оған “Ұлттық қордан” тиісті қаржы автоматты түрде аударылады.
Ол былай: “Ұлттық қордың” табысынан жыл сайын әр балаға өз үлесі беріледі. Кәмілет жасқа толған кезде шот иесі жиналған қаржыны оқуға, баспанаға немесе ем алуға жұмсай алады. Ал қанша қаржы түседі деген сұраққа Қаржы министірлігі жауап дайындап жатыр. Қалай болғанда да бұл жақсы бастама. Жақсы жаңалық деп қабылдадым. Балаларымыздың болашаққа басар алғашқы қадамына тамаша қолдау. Айтпақшы, ешқайда барып құжат тапсырмайсыз! Барлығы автоматты түрде жүзеге асады. Тек ақпанда ұялыңызға келетін хабарламаны күтесіз. Әйтпесе Жұлдыз айтты деп ЦОН-ды шулатып жүрмеңіздер”, – деді актриса. 

Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылы 18 жасқа толатын азаматтар бір жыл үшін $160–170 алады. Ал биыл дүниеге келген балалар 18 жасқа толғанда, $3,5 мың алуы керегі баспасөз беттерінде талқыланды. 

Ақшаны балалар шешіп алғанға дейін ол доллармен сақталып, Ұлттық қор шешімімен инвестицияланып, табыс әкеліп отырады. Жоба аясында алған қаржыны оқу ақысын төлеуге немесе тұрғын үй алуға жұмсауға болады. "Отбасы банк бұл жобаға уәкілетті операторлардың бірі ретінде қатысады. Тіпті жобаны қашықтан, онлайн режимінде жүзеге асыруға дайын платформа да жұмыс істеп тұрғанын жазған болатынбыз. 

 

Талқылау