Заңгер: Бізде тергеушілер бірден педофилдерді қорғап, барлығына зорланған қызды кінәлайды (видео)
Соңғы кездері еліміздің әр аумағында балабақшадағы баладан бастап, университет студенттеріне дейін зорлану оқиғасы жиілеп кетті.
Қоғам қанша шуласа да күн санап жұртты қайран қалдырған айуандықтар саны азаяр емес. Тура осындай оқиғалардың талайын зерттеп, қылмыскердің жазасын алуына күш-жігерін салып жүрген заңгер Камшат Есмұхамедқызы мәселенің не себепті күн санап күрделене түсу себебін Stan.kz сайтының “Negizinde” жобасы аясында кеңінен әңгімелеп берді.
Қазақ қыздарының абыройы үшін өмірін қатерге тіккен батыр заңгер құқықтық көмекке зәру жандарға тегін кеңес беруге де әзір. Мақсаты, азғындарды заңды түрде жазалап, өзге қыздардың абыройын қоғау.
“Екі жыл бойы 9 жасында зорланған қыздың ісін жүргізіп жатырмын. Бұл іс тіпті адам өлімінен де,ең ауыр қылмыстардан да ұзақ қаралып жатыр. Жездесі кішкентай мектеп оқушысын зорлаған, нағашы атасы ұятты жеріне қол жүгірткен.
Байқұс қыз өмірді танымай жатып жыныстық жолмен келетін ауыр дерттерді жұқтырып алған. Істі қарап жатқан тергеушілерді де талай ауыстырдым. тіпті істі аудандық соттан қалалыққа ауыстырдым. Қолымызда барлық дәлелдер мен айғақтар бар.
Неге екені белгісіз сол материалдарды тергеушілер көрмейді, түсінбей қалады, қажетті сараптамаларға сенбейтіндерін айтады. Міне соның кесірінен істің қаралып жатқанына 24 ай болды. Арасында “таксисттер” осы істен бас тартуымды талап етіп, қоймасам өлтіретіндерін де ескертіп кетті.
Өздерін таныстырмаған жігіттер сөмкемді тас жолдың бойына лақтырып, өзімді елсіз далаға тастап кетті. Бірақ мен қорғансыз қыздың абыройы үшін арсыз азаматтың қылмысын дәлелдеу жолында барымды салуға дайынмын”,-дейді заңгер Камшат Есмұхамедқызы.
Заңгер арасында БАҚ-та жариялауға тыйым салынатын аса ауыр зорлық-зомбылықтардың да жиі кездесетінін айтып өтті. Толығырақ видео материалдан тамашалай аласыздар.
Сіздің мәселеңіз бойынша құқықтық көмек қажет болса осы мақаланың төменгі жағына комментария қалдырыңыз. Сайт журналистері заңгермен байланыстырады немесе сұрағыңызға нақты жауап алып беруге тырысады.
Оқи отырыңыз:
80 жастағы ана: Қой бағып жүріп баламды өзім босанып, кіндігін де өзім кестім
11 жастағы қыз: Әкемізбен тұрғымыз келеді. Анам туыстарымен бірге үшеумізді күнде сабайды (видео)
Павлодарда полиция капитаны майордың өзін ұрып-соғып, балағаттап кеткенін айтты
«Кетерде анамды қатты құшақтады»: Туыстары қостанайлық жігіттің өлер алдында қалай қоштасқанын айтты
Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым