Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаманқұловқа 3 миллион доллар бермегенім үшін жапа шектім": Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Тоқаевқа хат жазды

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы президент әкімшілігіне хат жолдады. Экс-министр хатта отандық кинематографиядағы жемқорлықпен қалай күрескенін айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Сот процесінен

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты жолдауы миллиондаған қазақстандықтарды рухтандырып, әділетті мемлекет құруға сендірді.

“Сіз қоғамда құқықтық тәртіп идеологиясы берік орнығып, барлық уәкілетті органдарға алаяқтықпен және соған байланысты құқық бұзушылықтармен күресу үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырдыңыз. Мемлекет басшысы ретінде бар күшіңізді салып, әрбір адам өз орнын тауып, арманын жүзеге асыратын әділ Қазақстанды құратыныңызға сенемін. Әділет, заң, оптимизм маған өте жақын ұғымдар. Өйткені Тұңғышбай Жаманқұловтың бір күндік ресейлік компанияның күмәнді фэнтези фильміне 3 миллион доллар бөлмей, әділ, заңды әрекетім үшін жапа шектім”, – деп жазған экс-министр.

Еске салайық, 2017 жылдың жазында сот белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловты бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырып, жұмсады деп танып, жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған еді. Бұл ретте оған рақымшылық жасалып, жаза мерзімі екі есеге қысқартылды. Сонымен қатар сот Жаманқұловтан Мәдениет және спорт министрлігінің пайдасына 3,4 миллион теңге өндірді. Экс-минстрдің сөзінше, аталған қаражат аты аңызға айналған қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының желісі бойынша "Алмас Қылыш" тарихи фильмін түсіруге жұмсалған.

Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлы сотталғаннан кейін сот үкімін шығарғанда өрескел қателік жіберген судьяның жазалануын сұрады.

“Астана қалалық сотының судьясы А. Кәрімова заңды бұзып, Серік Қарымсақовтың пайдасына материалдық-құқықтық қатынастарға қатысты бірнеше рет шешім шығарған. Бұл ретте Кәрімова қалалық соттың апелляциялық алқасының төрағасы ретінде Қарымсақовтың талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Нұрлановтың шешімін бұзды. Судья Кәрімова Нұрлановтың Қарымсақовтан мемлекетке 27 045 842 теңге өндіріп алу туралы шешімін де бұзды. "Судья өрескел қателік жіберген кез келген күші жойылған сот актісін сот жюриі қайта қарауы керек". Жоғарғы соттың сот жюриі сіздің тапсырмаңызды орындайтынына сенімдімін”, – делінген хатта.

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі активтерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару мәселесін көтерді. Айтуынша, "Nomad Land’s" ЖШС иесі А.Ахметов (Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі) өткен жылдың ақпан айында мүлікті өз еркімен мемлекет меншігіне қайтару туралы ұсыныспен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жүгінген. Ахметов өз әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісіп отырып жасаған. Оның үстіне Nomad Land's иесі оның сөзін жазбаша түрде растады.

Бірақ Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғ.СӘәтбаева “Nomad Land's” мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасындағы келісімді жарамсыз деп таныды. Бір қызығы, сот қорытындыларында Мұхамедиұлының аты-жөні бірде-бір рет аталмаған, ол өз хатында бұл жекешелендіруге еш қатысы жоқ деп сендірді.

“Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Қ.Имашев 2019 жылғы Есеп комитетінің мемлекеттік аудитінің "Алтын адам шеруі" бағдарламасы бойынша заң бұзушылық фактілері анықталмағаны туралы қорытындыларына қайшы, заңдар мен нұсқауларыңызды бұзып, елемей, айыптау үкімін шығарды. Оған бір ғана адам бар “Тұрсынбек” жеке кәсіпкерлігінің небәрі үш күде жасаған қорытындысы негіз болып отыр. "Тұрсынбек" жеке кәсіпкерлігінің басшысы сотта қорытынды жасау үшін құжаттарды сот материалдарында жоқ басқа ЖШС мен жеке кәсіпкерлердің мәліметтерін пайдаланғанын айтты”, – деп жазды экс-министр.



Сөз соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы Тоқаевтан жүгенсіз кеткен заңсыздықты тоқтатуды сұрады. 

Хатта Арман Байқадамов деген адамның есімі аталды. Экс-министрдің айтуынша, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы Д.Айқұлов 2024 жылдың қараша айында сот отырысында 2022 жылы жылжымайтын мүлікке биткоинмен (кепілсіз цифрлық актив) төлем жасағанын мәлімдеген Байқадамның пайдасына шешім шығарған.

Сөйтіп осыдан бірнеше жыл бұрын Мұхамедиұлы мен Байқадам арасында колледж, "Тұлпар" ат спорты кешені, "Қазақ энциклопедиялары" ғимараты және "Дипломат" қонақ үйі сатып алу-сату шарты жасалғаны белгілі болды.Сол болған бірақ ақша жоқ. 

Сот отырысында А.Байқадамов биткоиннің ауысуы мен шығу тегі туралы ешқандай дәлел келтірмеді. Ал Қаржы мониторинг агенттігінің өкілі Б.Шаухов биткоиндердің кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлеріне жататынын түсіндірді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына экс-министр өкілдерінен Алматы прокурорына жеке қаулы шығару туралы өтініш түсті. Атап айтқанда, Арман Байқадамның әрекетінде жалпы сомасы 1 413 000 000 теңгені құрайтын биткоиндердің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың бар-жоғын анықталмақ.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Мұхамедиұлына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгеге бағаланған мектеп мемлекетке қайтарылғанын жазған едік. Алматы прокуратурасының мәліметінше, мектеп құны 1,2 миллиард теңге. Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Миллиардтаған қаржы жымқырып, жекеменшік мектепті заңсыз иемденді деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталған еді. Оған екі эпизодты қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шықты. 

 

Талқылау