"Заңда олқылық бар": Министрлік Қазақстандағы кальян барлардың неліктен жабылмайтынын түсіндірді
ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Азамат Күрімбаев Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанымен, кальян барлардың неліктен жабылмайтынына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Министрлік өкілінің айтуынша, бұған заңнамалық олқылықтар себеп болып отыр.
Күрімбаев өз жауабында қазір азаматтардан шағым түскен жағдайларды қоспағанда, Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізілгенін атап өтті.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабының 3-бөлігінде (Жұмыс берушінің темекі өнімдерін тұтынатын адамдарға шара қолданбауы) жұмыс берушілерге қатысты шаралар қарастырылмаған. Заңнамада олқылық бар. Мекеменің өзіне емес, темекі өнімдерін тұтынатын тұлғаларға ғана шара қолданылады", – деді Азамат Күрімбаев.
"Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының жетекшісі, Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Жәмиля Садықова айыппұлдың аздығынан кальян мейрамхаларының иелеріне 25 мың айыппұл төлеп, есесіне бір түнде шамамен үш миллион теңге пайда тапқан тиімдірек.
"Біздің елде жеке кәсіпкерлер жауапкершілік көтермейді. Ресейде айыппұл жарты миллион теңгеге дейін барады. Біз Ішкі істер министрлігімен бірге рейдтерге шығып, аралағанда: айыппұл қанша? "Ой, мына 25 мыңды ал" деп, жұмыстары жалғастыра береді", – деді Садықова.
Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы, президент жанындағы жалпыұлттық құрылтайдың мүшесі Серік Ақылбайдың айтуынша, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы заңның сақталуы мәселесінде айыппұлдың көлемі үлкен рөл атқарады.