Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орынбасары істі болған экология министрі қызметтен кетуге дайын екенін айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экс-орынбасарының кінәсі дәлелденсе қызметінен кетуге әзір. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен қаңтар айында қолына кісен салынған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

брекешев

"Егер экс орынбасарымның кінәсі расталса, отставкаға кетесіз бе деп сұрағыңыз келді ғой. Мен бір нәрсені нақты айта аламын. Соттың шешімі шықса, заң жүзінде әрекет етуге дайынмын", - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Пірімқұлов утилизациялық алыммен айналысатын "Оператор РОП" компаниясының директоры Медет Құмарғалиевпен бірге абақтыда отыр. Дәл осы даулы компанияға қатысты өткен аптада ғана тағы бір былықтың беті ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, Экология министрлігіндегі шенділер "Оператор РОП" компаниясының басшыларымен сөз байласып, утилизациялық алымнан түскен 180 миллиард теңгені жымқыруға тырысқан. 

Қомақты қаржының бір бөлігіне сыбайластар қоқыс өңдеу зауыттарын салмақ болыпты. Ал одан өндірілген электр энергиясын мемлекетке қымбатқа сатып, жылдар бойы пайдаға кенелеміз деп жоспарлаған. Бірақ онысы іске аспай, шетінен қамалып жатыр. Министр Бірекешов қазіргі уақытта бұл зауыттың тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Басталмай жатып тұралаған құрылыстың ары қарайғы тағдыры белгісіз.

Назархан Уән
Сәрсенбі, 27 Сәуір, 2022 07:52
Талқылау