Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заң авторы – 4 адам:" Нұрболхан Шарапов бала құқығына қатысты заңды сынады

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов баланы ұрып-соғуды заңмен қудалауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/nnurbolkhann/ 

Өткен аптада Мәжіліс депутаттары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Бұдан былай ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, қорлау, қудалау үшін жаза қатаңдауы мүмкін.  Бұл тыйым әлемнің 65 елінде бекітілген. Әлі 27 ел қосылуға ниетті көрінеді.

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов жеке парақшасында видео жүктеп, оқырман пікірін тыңдады. 

“Заңын шығарды! Бұдан былай сiз балаңызға қолыңыздың ұшын да тигiзе алмайсыз. Ендi балабақша, мектептерде балаңыздан жәймен сұрап бастайды, үйде ата-анаң ұра ма деп. Бұл заң туралы пiкiр екiге бөлiнетiнi сөзсiз. Сiз қалай ойлайсыз? Ойыңыз қандай? Сосын, таныстарыңызға таратыңыз балаларын ұрып жүрмесiн! Заңжобаның авторлары 4 адам ғана:

  • Аймагамбетов А.К.
  • Бейсенбаев Е.С.
  • Еспаева Д.М.
  • Сулейменова Ж.Д.”, – деп жазды блогер. 


Осы орайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдаса, екіншісі бала бетімен кетеді деп алаңдайды.

“Шапалақ жеп өстік, өлген жоқпыз”, “Қолың ұшын тигізбей өсірген балаңды, әскерде өлтіріп қойып жатыр. Оған заң бар ма?!”, “Үкімет жетім балаларды жетістіріп алсыншы”, “Мен заңды қолдаймын, ұрған ата-ананың психикасын тексерту керек”, “Педофильдерге заң шығарсын!”деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау