Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құралай Нұрқаділова әкесінің басынан өткен бір оқиғаны айтып берді

Құралай Нұрқаділова әкесі туралы естелігін бөлісіп, желідегілердің ыстық ықыласына бөленді. Ол марқұмның шыққан шыңына қарамастан, қарапайым азамат болғанын айтып жатыр.

нұрқаділова

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Маған әкем көп өсиет қалдырды… Бірақ, басты өнегені оның адамдарға деген қарым-қатынасынан алған болатынмын! Пейілі кең еді. Жай қолын созып амандасқан адамның есімін жаттап алатын. «Азия Даусында» көрген бір жағдай туралы айтып берейін. Көрермен көп болды. Олардың арасынан шетелдік әділ қазылар мен әкем жүріп өтіп келеді. Бір бала «Заманбек аға, маған қол беріңізші!» деп айқайлады. Әкем артқа қайтып «Сенің атың кім, балам?» деп сұрады.

Ол «Қобыланды» деді. Әкем «Жарайсың, Қобыланды» деп күлімсіреп, қолын қатты-қатты қысты. Келесі күні де әкем өз орнына бару үшін алаңның ортасымен жүріп өтті. Әлгі бала тағы да «Заманбек аға, қалыңыз қалай?» деп дауыстады. Әкем оны көптің арасынан тауып алып, «Бәрі жақсы, Қобыланды! Көп жаса, балам!» деп жауап берді. Әкем өзінің шыққан шыңына қарамастан, адамдарға келгенде тым қарапайым болатын», – дейді Құралай Нұрқаділова.

Желі қолданушылары да сәнгердің сөзін қоштай түсті. Марқұм туралы жақсы естеліктерін бөлісті. «Сұлуым, жарайсың! Мен әрдайым өзіңді мақтан тұтамын», «Ол өзінің халқын қатты сүйді! Ұлтжанды еді», «Сіздің әкеңіз ұлы адам болатын. Ол әрдайым халықтың есінде қалады», «Иә, ол, расымен, өте жақсы адам болды» деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Аяғын сындырған Жазира Байырбекова жүре бастады

Нұртас Адамбай Головкиннің командасына ол туралы кино түсіргісі келетінін айтып өтініш білдірді

Есентаева өзіне майонез жарнамалауды ұсынғандар туралы айтып күлді

Баян Есентаева 31 жасында ашқан алғашқы бизнесі туралы айтты

Талқылау