Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінің эксклюзивті сұхбатын жариялады (видео)

Видеода белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов қазақ отбасыларындағы қонақ күту әдебі мен демалыс жайлы өз ойын білдіреді, деп жазды Stan.kz.

мақпалллл

Белгілі азаматтың көзі тірісінде берген ашық сұхбатын жұбайы Мақпал Жүнісова желіге жүктеген.

«Кезінде қазақтар қонақ күткен кезде ән салып, думандатып, ойындар ойнап көтеріңкі көңіл-күйде отыруға тырысқан. Қазір ше? Қазір қонаққа шақырса міндетті түрде ет асылады, манты, палау болуы тиіс тамақтардың қатарында.

Әрине бұл өте жақсы, жағдай болып жатса орынды, құптарлық дүние. Бір «қасиет» қонақ үйден мас болып кетуі керек деген түсінік қалыптасып қалған. Мен осы жағдайды ұнатпаймын. Тіпті, ашуым келеді. Арақ құйылу керек, тоқтаусыз тілек айтылу керек.

Бабаларымыз бұлай өмір сүрмеген. Арақ құйып, біреудің денсаулығы үшін алып қою қазір жазылмаған дәстүр болды»,-деп өз ренішін айтқан қазақтың бір туар азаматы Заманбек Нұрқаділов.

Әнші Мақпал жүнісованың марқұм күйеуі демалыс кездерінде шекара асып кететіндерін де жасырмаған. Бұған себеп, өздерін танымайтын ортада еркін жүру екен.

Оқи отырыңыз:

Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Бердібек Сапарбаев əке-шешесінің несиесі мойындарына ілінген жетім балаларға көм­ектесуге уəде берді

Өзбекстан қазағы: Жағдайымыз жақсы, сондықтан Қазақстанға келуге асықпаймыз

Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, Қазақстан туын ұстап жүрді

Талқылау