Залал 23 миллион теңге: Атырауда мектеп директоры ұлы мен қызын жұмысқа жалған қабылдап, ақша жымқырған
Атырауда мектеп директоры өзінің 6 туысын жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарып, бірақ іс жүзінде жоқ адамдардың ақшасын қалтасына басқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті дерегіне сүйенсек, мектеп директоры бюджет қаражатын жымқырудың дәстүрлі әдісін жүзеге асырған. Яғни жұмыс істемесе де жалған бұйрық шығарып, сол еңбекақыны қалтасына басып отырыпты.
"Атырауда мектептердің бірінің директоры мен оның орынбасары алты туысын, атап айтқанда ұлын, екі қызын, екі келінін және күйеу баласын жұмысқа орналастырған. Директордың туыстары іс жүзінде мектепте жұмыс істемеген, бірақ 23 миллион теңге көлемінде жалақы алған", – делінген ақпаратта.
Антикор 27 сәуір мен 12 маусым аралығында Атырау облысы білім басқармасына еңбекақы төлеу қорын жоспарлау және игеру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізілген. Осы жағдай сол жұмыстар аясында анықталып отыр.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
