Зағипа Балиева: Педофилдер өлім жазасына лайықты
Парламент депутаты Зағипа Балиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында педофилдерге қатысты өз пікірімен бөлісті.
Фото: exclusive.kz
Бұл туралы “Астана” телернасы хабарлайды.
Депутаттың ойынша, педофилдер мен балаларды өлтіргендер лаңкестерге, әскери қылмыс жасағандарға теңестірілуі керек, және олар өлім жазасына лайықты. Балалар құқығы жөніндегі уәкіл ол үшін бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізу қажет дейді.
“Бүгінде Қазақстан түрмелерінде зорлық әрекеті үшін жазаланған 1300-дей қылмыскер отыр. Олардың темір тордан босаған соң мұндай сұмдықты қайталамасына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан заңдағы ең ауыр жаза – өлім жазасын қарастыру керек”,- деді Зағипа Балиева.
Ол сондай ақ отбасында балаға моральдық немесе физикалық тұрғыда жәбір көрсеткендер де қатаң жазалануы керек деп есептейді. Осы ретте балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында маңызды құжат дайындалып жатқанын айтты.
Оған еліміздің құқық қорғау органдары мен шетелдік мамандардың ұсыныстары енгізілмек.
“Қазір осындай қылмыскерлерге қатысты жазаны қатаңдату туралы сұрақ бар. Мен, балалар құқығы жөніндегі уәкіл ретінде мұны құптаймын. Біз соғыс кезінде қылмыс жасағандар мен террорлық шабуыл жасағандарды өлім жазасына кессек, балаларды зорлағандарды, өлтіргендерді де осылай ауыр жазалау керек”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, балалар құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.
Бұған дейін Балиева балаларға кока-кола сусынын ішкіздірмейтінін айтып, сондай-ақ, тентек балаларды отбасынан тартып алу идеясын да қозғаған еді.
Оқи отырыңыз:
Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынды
Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады
Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)
Алматыда мұғалімдер мен дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады