Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұжымдық иммунитеттің вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ": Қазнетте жаңа қауесет тарап жатыр

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар ұжымдық иммунитет вакцинациямен байланысты емес деген ақпаратты таратуда. Авторлар доктор Артур Хедричтің 1932 жылғы зерттеуіне сүйенеді. Алайда зерттеу қорытындылары бұрмаланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Telegram-арнадағы сілтеме "Медальтернатива.инфо" сайтына және "Ұжымдық иммунитет теориясының вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ" деген ақпаратқа апарады. Автордың пікірінше, бұл тақырыпқа - доктор Артур Хедричтің АҚШ-тың жекелеген аймақтарында қызылша ауруы туралы зерттеуінің қорытындысы дәлел.

"Жұқпалы ауруға шалдыққан және оған табиғи иммунитеті қалыптасқан ұжым (қауымдастық) мүшелері неғұрлым көп болса, аурудың бүкіл ұжымға (қауымдастыққа) тигізетін қаупі соғұрлым аз болады".

Автор кейіннен бұл тұжырым былай бұрмаланған деп санайды:

"Топ мүшелері жұқпалы ауруға қарсы қаншалықты көп вакцинацияланса және оған қарсы иммунитет пайда болса, аурудың бүкіл ұжымға (қауымдастыққа) тигізетін қаупі соғұрлым аз болады".

"Айла-шарғыны байқадыңыз ба? Аяқ астынан жұқпалы аурумен байланыстың маңыздылығы жойылып, вакцинациямен алмастырылды, табиғи иммунитеттің маңыздылығы төмендеді", – делінген әлеуметтік желілерде таратылған хабарламада.

"Шын мәнінде, Хедричтің 1930-1932 жылдары жарияланған бақылаулары мен тұжырымдары ғалымдарды қызылшаны жеңу үшін вирусқа қарсы иммунитеті бар популяцияны көбейту керек деген ойға итермеледі. Кейіннен қызылшаға қарсы бағдарлама әзірленді, оған нәрестелерді жоспарлы иммундау және мектепке қабылданған кезде балаларды иммундау кірді. Әрине, Хедричтің есептеріндегі тұжырымдар өзгерген жоқ. Бұл манипуляция.

Хабарламадағы тағы бір тезис

"Хедричтің ұжымдық иммунитет теориясы вакцинадан қалыптасқан жасанды иммунитет табиғи иммунитетке ұқсас деген мифпен бұрмаланған, бұл дұрыс емес" - деді Stopfake.kz.

Айта кетейік, ұжымдық иммунитет ұғымы халықтың басым бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған жағдайды сипаттау үшін қолданылады.

Ұжымдық иммунитет табиғи түрде пайда болады немесе вакцинация арқылы қалыптасады. Екінші түрі жоғары жұқпалы вирустармен, мысалы, қызылша вирусымен күресу үшін қажет.

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 27 Сәуір, 2021 14:02
Талқылау