Ұзату тойын "Барби" стилінде өткізген қалыңдық желі жұлдызына айналды
Фото: Видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде қыз ұзату тойын әлемге әйгілі қуыршақ стилінде өткізген қалыңдық қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адина есімді желі қолданушысы мұны жеке парақшасында бөлісті.
Қалыңдықтың шығуы ерекше форматта өтті. Мейрамхана ортасына үлкен қорап әкелген. Ішінде қалыңдық Барби қуыршаққа ұқсап тұр. Жан-жағынан қалыңдықты төрт жігіт итеріп келе жатыр. Тойға келген қонақтар бұл көрініске таңғалып, видеоға түсірген.
Көпшілік қалыңдықтың ерекше образына жақсы баға берсе, кейбірі тың көріністі түсінбей, негатив пікір жазған.
“Біздің туысқандар қораптың ішіне кіріп кететін еді”, “Ешкім бала әкелмеген-ау деймін”, “Той асабасы қонақтарды тәртіпке шақырып тұр”, “Өте керемет ұйымдастырылған, нағыз креатив той”, “Ұзатылуымда осылай шығамын”, – деп жазды көпшілік.
@adinakkn мой оригинальный выход в коробке от барби 🩷#barbie ♬ ascension (slowed) - ADTurnUp
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген