Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзақ жасауды қалайтын миллиардер өмір жасын ұзартатын 5 әдісті атады

Миллиардер Кристиан Ангермайер өмір жасын ұзартуға көмектесетін тәсілдерді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

ангермайер

Ұзақ жасауды қалайтын Ангермайер өмір жасын ұзартуға бағытталған зерттеулерді қаржыландырады. Оның сөзінше, қартаюды баяулататын қарапайым әдіс жоқ. Өз мақсатына жету үшін миллиардер негізгі бес қағиданы ұстанады.

Ангермайер ұзақ жасауда ұйқының маңызы зор екенін айтады. Ұйқы қанған кезде психикалық жағдай жақсарып, ер адамдарды тестостерон бөлінеді екен. 

"Ұйқы – ұзақ жасау үшін табиғат берген мүмкіндік, ал біз мұны дұрыс пайдаланбаймыз", – дейді ол. 

Сонымен қатар миллиардер алкоголь және есірткіден бас тартуды ұсынады. Бұдан бөлек спортпен шұғылданып, жерорта теңіздік диета ұстануға шақырады. Ұзақ жасау үшін жақын адамдармен де сөйлесу де маңызды дейді. 

"Сізге жеке өмір керек. Егер жеке өмір болмаса, оның зиян екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген", – деп қосты ол.

Талқылау