Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзақ өмір сүрген кейуана өзінің өлетін күні мен уақытын дәл айтты

Таиланд мемлекетіндегі Удонтхани провинциясындағы ұзақ өмір сүрген кейуана өзінің өлетін күні мен уақытын дәл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өлім

17 шілде күні 91 жастағы Марнсри Хамсорн (Marnsri Khamsorn) ұлы мен оның әйеліне 19 шілдеде 17:30-да өлетінін айтқан. Бұған дейін бір ай бұрын оның 60 жастағы ұлы Сурат Тхамронглаохапан қарт анасының өзімен-өзі сөйлесіп жатқанын байқаған.  Ол анасынан бұл туралы сұрағанда, әжей қайтыс болған туыстарының рухтарымен сөйлескенін және олар оны шақырғанын айтқан.

19 шілде Хамсорн тамақтанып отырған кезде дем жетпей, ауырып қалған. Сағат 18:30-да полиция оқиға туралы біліп, дәрігерлер оның үйіне келіп, төсекте біраз уақыт жатып қалған кейуананың денесін тапқан. Олар әйелді өлі деп таныды. Өлімнің себебі - дем жетіспеу.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр