Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйқыға кеткеннен оянбады: СҚО-да төрт бала жидектен уланып, біреуі қайтыс болды

Солтүстік Қазақстанда 4 бала қасқыр жидек жеп уланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 шілде күні Уәлиханов ауданындағы көпбалалы отбасында болған. Келесі күні үш бала санавиациямен Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Отбасының 5 жасар баласы қайтыс болды. Бүлдіршін ұйықтаған күйі оянбай қойған. Кейін анықталғандай, балалардың анасы ештеңеден сезіктенбеген. Оның өзінің де жүрегі айнып, лоқсыған. Бірақ қалыпты жағдайға балап, мән бермеген. 

«11 және 8 жасар жеткіншектер мен 8 айлық нәресте ауруханаға жатқызылды. Балалар жақында белгісіз бір жидекті жегендерін айтты. Келіп түскен кезде үшеуінің де жүрегі айнып, лоқсыды, іші өтті. Балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Ем-дом дезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Келесі күні балалар тәуірленіп, нефрология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, ауруханадан шықты», - дейді облыстық балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері Екатерина Живнодей. 

Қасқыр жидек – аса улы өсімдіктердің бірі. Оның бес жидегін жегеннің өзінде өмірге қауіп туындайды.
 

Талқылау