Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұйымдастырушыға айыппұл салынды: Ресейде "жалаңаш" кешке қатысқан танымал жұлдыздар сынның астында қалды

Мәскеуде блогер және тележүргізуші Анастасия Ивлееваға "Мутабор" клубында almost naked (жалаңаш) дресс-кодымен кеш ұйымдастырғаны үшін 1 миллиард рубль (5 миллиард теңге) көлемінде ұжымдық талап қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Талапкерлер тыр жалаңаш кеші адамдарға моральдық зиян келтірді деп санайды. Құжатқа 23 адам қол қойған, олар барлық соманы Ұлы Отан соғысына қатысқандарды қолдау қорына аударуды талап етеді.

Ұжымдық сот ісінің бастамашысы – "Бригада" сериалының продюсері Александр Иншаков. 

МТС ұялы байланыс операторы Ивлееваның қатысқан жарнамасын эфирден алып тастады және тележүргізушіні өзінің барлық жарнамалық өнімдерінен алып тастау нұсқасын қарастыруда.

26 желтоқсан күні әнші Филипп Киркоров пен Дима Билан Настя Ивлееваның кешіндегі видео үшін кешірім сұрады. 

Дима Билан әлеуметтік іс-шараларға қатысу оның кәсібінің бір бөлігі екенін және ол дресс-код туралы білсе де, Ивлееваның кешінде не болатынын білмегенін атап өтті.

Әнші Лолита Милявская "жалаңаш кешке" қатысқаннан кейін оның  концерттері тоқтатылып, концерттері эфирлерден алынып тастаған. 

Кешті ұйымдастырған Настя Ивлеева кеш барысынан тарап кеткен видеолар үшін кешірім сұрады. Ал журналист Ксения Собчак бұл әркімнің жеке шаруасы екенін айтты.

“Ересектер тырдай жалаңаш қайда және қашан жүретінін өздері біледі. Әлем әділетсіз, әділетсіз болған және әрқашан бола береді. Бір жерде біреу өліп жатып, басқа жерде балалар аштыққа ұшырауда, ал сол кезде біреу шампан ішіп, шаттанады", – деді Ксения Собчак.

Жабық кеш 20 желтоқсанда "Мутабор" клубында өтті. Оған Филипп Киркоров, Джиган, Дима Билан, Лолита Милявская, Ксения Собчак сынды танымал өнер жұлдыздары барған болатын.

Дресс-кодтың шарттары бойынша олар клубқа жалаңаш сияқты киініп келу керек еді. Олардың көпшілігі жалаңаш емес, соған ұқсас киініп келген.

Кештің кадрлары интернетте пайда болғаннан кейін блогерлер, мемлекеттік думаның депутаттары, қоғамдық және православиелік белсенділер наразылық білдіріп, оларды жауапқа тартуға шақырды.

Кешке қатысқандардың бірі – рэпер Vacio (Николай Васильев) кешке шұлықпен ғана келген. Оған ұсақ бұзақылық пен "ЛГБТ-ны насихаттады" деген айып тағылып, әкімшілік қамауға алынды және 200 мың рубль айыппұл салынды. 

Талқылау