Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұйықтап жатып ән саламын": Мақпал Жүнісова бала күніндегі ерекше қасиетін айтты

Халық әртісі Мақпал Жүнісова бала кезіндегі әдетін айтып, елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/albums

Өнер иесі сахна алдындағы дайындығын көрсетіп, жанды дауыста ән айтты. 

“Әншілерден бұрын келіп, даусын жаттықтырып жатыр. Қанша жыл сахнада жүрсе де, өнерге деген адалдық осындай болса керек. Халық әртісіне дайындық қажет емес деп ойлаппын. Мақпалды ұйықтап жатқан жерінен оятып алып, ән айттыра беруге болады”, – деп жазды желі қолданушысы. 



Өз кезегінде эстрада жұлдызы бала кезіндегі ерекше қасиетін айтып берді. 

“Сөзіңіз рас. Одан зорын айтып берейін. Бала кезімде ұйықтап жатып, ән айтатын болғанмын. Анам талай қызықтарды айтып берген. Тіпті, ұйықтап жатып, әңгіме де айтқанмын. Әнші болатыным сол кезде-ақ белгілі болды-ау”, – деп естелігін бөлісті өнер иесі. 

Еске салайық, Мақпал Жүнісова домбыраны бортқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйліккен еді. 

 

Талқылау