AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұят": Журналист Рыбакина үшін Ресей теннис федерациясын сынға алды

Ресейлік журналист Софья Тартакова Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищевтің Елена Рыбакинаға қатысты пікіріне жауап беріп, теннисшіден кешірім сұрау керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тартакова

Тартакованың айтуынша, Ресей теннис федерациясы өз кінәсін мойындап, қазақстандық теннисшіден кешірім сұрау керек.

"Ұят. Керісінше біздің федерация: "Жарайсың, Лена! Кезінде саған көңіл бөлмей, өзге елге кетуіңе жол бердік. Алайда қазір сен биік белестерді бағындырып, үлкен жеңістерге жетіп жатырсың", – деуі керек еді. Ал олар керісінше Ленаны біздің өнім деп жатыр. Өнім дегеніміз тоңазытқышта тұрады. Ал Рыбакина, бірінші кезекте, кезінде біз мән бермеген жақсы адам. Қазақстан оның жарқын жеңісін өзінің жеңісі деуі орынды. Менің ойымша, бұл оның отбасының жеңісі. Оның әкесі кезінде батыл шешім қабылдады. Біздің елде азаматтықтан бас тартса, сатқын деп бетіңе түкіреді. Ал әкесі Ленаның бақыты үшін тәуекелге барды", – деп мәлімдеді Тартакова.

Айта кетейік, Ресей теннис федерациясының басшысы Шамиль Тарпищев Елена Рыбакинаның “Уимблдондағы” жеңісіне қатысты пікір білдіріп, теннисшіні “Ресейдің өнімі” деп атаған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр