AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұят": Солтүстік Қазақстан облысында аз қамтылған отбасыға сыйлық жасаған шенділер сынға қалды

Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыға теледидар және оны қоюға арналған аласа шкафты сыйға берген. Алайда мұндай сыйлық желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теледидар

Әлеуметтік желідегі жазбада Явленка ауылында тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыға көмек көрсетілгені туралы айтылған. 

"Отбасыда теледидар алатын мүмкіндік болмаған, сондықтан оларға шкаф пен теледидар пайдалану үшін берілді", – делінген Есіл аудандық жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Facebook-тегі парақшасында. 

Жазбаға қатысты Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова да пікір білдірді. 

"Бұл расымен фейк емес пе? Бұл шынымен бе? 2000-жылдар емес, қазір ме? Расымен бұл балалар жылы ма? Мұны қазіргі уақытта қалай атарымды да білмеймін", – деп жазды Ирина Смирнова. 

Желі қолданушыларының жазбаның астында пікір қалдырып, шенділердің әрекетін сынға алды. 

"Мұндай теледидарды қайдан алған? "Поле чудес бағдарламасының қоймасынан ба?", "Сұмдық! Есеп үшін фотоға түсіруді ұмытпапты", "Мұндай теледидар 3 000 теңге тұрады", "Ұят", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары. 

Талқылау
Пікір
222865
07 Там, 22 жыл - 08:54

Ұят болган екен бұндаи теледидар менде коимада тур ешкімге керегі жок 

Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр