Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұят, масқара, харам емес": Айжұлдыз Адайбекова аяғын аспанға көтерген суретін түсіндірді

Айжұлдыз Адайбекова жаңаша стильдегі образын көпшілікке паш етті. Дизайнер әрі блогер "аяғын аспанға көтеремін" деп сынға ілікті. Айжұлдыз өзіне тіл тигізгендерге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Айжұлдыз ерекше образын тапсырыспен тіктіргенін атап өтті. 

"Өзіңе өзгеруге рұқсат беру – батыл қадам. Қиын болып көрінгенімен, іске келгенде өте оңай", – деп жазған ол жаңа фототүсірілімдегі суреттерімен бөлісті.

Танымал бикештің бұл суреттері қызу талқыға түсті. Әсіресе оқырмандар Айжұлдыздың аяғын көтеріп тұрған суретіне тиісіп, сынаған. Оған жауап ретінде Айжұлдыз бала кезден таэквондомен айналысқанын, шпагатқа еркін отырғанын жеткізді. 



"Өмір бойы осылай суретке түсіп келемін. Өзіме қатты ұнайды. Ерекше ғой. Бұлай суретке түсуге болмайды деп санасаңыз, парақшамнан шығып кетіңіз. Мен шығармашылық адаммын. Менде тыйым дейтін түсінік жоқ", – деп мәлімдеді ол. 

Оқырмандардың бірі анасы Жанар Айжанованың қызына сөзі өтпейді деп те сөккен. Оған Адайбекова: 

"Бұл ұят, масқара, харам емес. Бұл - спорт, эстетика, сұлулық, иілгіштік. Осындай ақымақ стереотиптер үшін 50 жылға артта қалып келеміз", - деп жауап берді. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сейсенбі, 07 Қыркүйек, 2021 10:34
Талқылау