Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұят деп санайтын ештеңесі жоқ": Қазақтың әнші жігіттері жаппай сыңсу айтуға көшкен бе

Қазақстандағы әнші жігіттер жаппай қыз ұзатуға көшті ме? Олар сыңсу айта ма? Бұл сұрақтарға 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы "Жұлдыздар жарқырайды" жобасының тілшілері жауап іздеп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек екі жылдан бері қыз ұзату тойларының сәні болып жүр. Қуанышты шараның басында қалыңдықты ортаға алып шығып, соңында "Қарындасқа тілек", "Қарындасым қарлығашым", "Аиша" атты әндерімен қызды ұясынан ұшырып, жат-жұртқа табыстап береді. Әншінің өзі де бұл әндерді табыс көзі үшін жаздырғанын жасырмайды.

"Айттым, содан бүкіл қазаққа, қарындастарымызға, қыздарға, әншілерге де ұнап кетті", - деді Айдар Тұрғамбек.

Әнші осы уақытқа дейін 45 қызды ұзатып үлгерген. Осылайша, рекорд орнатқан Айдардан үлгі алған өзге де әнші жігіттер сыңсу сарынды ән жаздыра бастаған. Солардың бірі - Мұхтар Ханзада. Ол "Ақ келін" атты әнмен қыз ұзатпақ ниетте.

"Ақ келін" қызға да, келінге де арнайы өсиет болып жазылған. Жақсы сөздері бар ішінде. Сұранысқа орындап бер десе міндетті түрде орындап беремін", - деді Мұхтар Ханзада.

"Жігер Ауыпбаев жаздырамын деп айтқан, "Меломен" тобындағы Қайрат деген бауырымыз да жазған. Онда тұрған ештеңе жоқ", - дейді Айдар Тұрғамбек.

Ал аты шулы рэпер Жан Ахмадиев ер азаматтың қыз ұзатуы ерсі көрінеді, әрі салт дәстүрімізге сай емес деп кесіп айтты. 

"Мен қазіргі таңда қыз ұзатып жүрген жігіттерді намыссыз еркектердің қатарына жатқызамын. Себебі, атам заманда ер азамат қыз ұзатпаған, ондай нәрсе салтымызда да, дәстүрімізде де жоқ. Егер менің әйелімді еркек адам ұзатып әкеп тұрса маған ыңғайсыз болады. Ол - бассыздық, ол - ұятсыздық", - деді Жан Ахмадиев.

Ал Айдар Тұрғамбек қыз ұзатуды ұят деп санамайды.

"Ұят деп санайтын ештеңесі жоқ. Әннің сөзінде ұятсыздық болса мейлі, қыздың қолынан ұстасақ мейлі, қызды жеңгесі шығарып салады, біз әнімізді айтып тұрамыз", - деді әнші.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр