Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер азамат ұялы телефон жұтып қойып, жарты жыл жүрген

Египеттің Асуан қаласының тұрғыны ұялы телефон жұтып қойған. Ол іші ауыратынын айтып, дәрігерлер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап. 

телефон

Ер адам Асуан университеті ауруханасының дәрігерлеріне іші ауыратынын айтып шағымданған. Тексеріс және рентген нәтижесі бойынша оның асқазанында бүтін ұялы телефонның бар екені анықталған. 

Пациенттің айтуынша, ол телефонды жарты жыл бұрын жұтып қойған. Осы уақыттан бері іші ауырып, мазалап келген. Бірақ дәрігер көмегіне жүгінуге ұялған. Ер адам телефонды жұту себебін айтудан бас тартыпты. Асқазандағы телефон қимылдауға және ас қорытуға бөгет жасағандықтан ауру сезімі пайда болған. 

Дәрігерлер оның асқазанындағы телефонды ота арқылы шығарған. Оның қазіргі жағдайы туралы хабарланбаған, бірақ дәрігерлер ер адамның толық айығып кететінін айтады. 
 

Талқылау