Ұялы байланыс ұстамағандықтан жедел жәрдем шақыра алмады: БҚО-да танымал саксофоншы көз жұмды

БҚО-да жол апатынан 5 адам адам жарақат алды. Оның бірі жедел жәрдем қызметін күтпестен мерт болды. Оқиға куәгерлері ұялы байланыс ұстамағандықтан дер кезінде жедел жәрдем шақыра алмағандарын айтты.

Бұл туралы Уральская неделя хабарлайды.

Апат жұма күні түстен кейін Орал-Индер тас жолындағы Көнекеткен ауылының маңында болған. 5 адам зардап шекті, ал олардың бірі жедел жәрдем көлігін күтпестен қайтыс болды. Сол күні көлігінде болған досы ұялы байланыстың нашарлығына байланысты жедел жәрдемді ұзақ уақыт шақыра алмағанын айтады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде апат туралы ақпарат расталды.

"2020 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 13.40-та жедел жәрдем қызметіне хабар түсті. Индер-Орал тас жолындағы Көнекеткен ауылының маңында жол апаты болды. Көлік ішінде 5 адам болған. Жедел жәрдем келгенге дейін белгілі саксофоншы Дәулет Шамелов көз жұмды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Марқұмның шарасыздықтан қайтыс болғанын айтқан досы Әділет Орынбасаров желіде көлемді жазба жариялады. 

"Бүгін досым шарасыздықтан көз жұмды. Ұялы байланыс ұстамағандықтан жедел жәрдем шақыра алмадық. Көз алдыңда адам өліп жатса, оған ешқандай көмек көрсете алмасаң, ең ауыры - сол. Біз дамыған 30 елдің қатарындамыз. Ауылдарда қарапайым байланыстың өзі жоқ. Жедел жәрдем көлігінде адам таситын төсектер жоқ. Жоғарыдағы азаматтар, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан, облыс орталықтарынан басқа жерлерде де адамдар тұрып жатыр. Олардың да өмір сүргісі келеді. Соны неге ойламайсыздар? Жедел жәрдем көлігі балаларды оқуға тасып жүр. Мұқтаж жандар шарасыз күй кешуде. Адамдар соғыссыз өліп жатыр. Бүгін досымнан айырылдым. Оған көмек көрсете алмағаным үшін өзімді жек көріп кеттім", - деп жазды ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр