Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінде 18 жастағы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

Әйелдер арасындағы жекелей сында "Ролан Гаррос-2025" турнирінің үшінші тур ойыны аяқталып, Путинцева әрі қарай жете алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық Юлия Путинцева әлем рейтингінде алтыншы орында тұрған ресейлік тенисші Мирра Андреевадан жеңіліп қалды.
Ойын екі сетте 6:3, 6;1 есебімен 18 жастағы Андрееваның жеңісімен аяқталды.
Матч 1 сағат 16 минутқа созылды. Андреева бір эйс жасап, бес қос қателік жасады және алынған сегіз ойынның бес брейк-пунктін айналдырды. Путинцева эйс жасамады, бір рет қателесті.
Енді қазақстандық "Ролан Гаррос-2025" турниріндегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Айта кетейік, Юлия Путинцева – Қазақстанның екінші, әлемнің отыз бірінші ракеткасы.
Бұған дейін теннисші Юлия Путинцева Қазақстанға рекорд алып келген еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

