Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юбэнк-кіші: 2017 жылы Головкинмен жекпе-жекке шығамын деп сенемін

Британдық боксшы Крис Юбэнк-кіші (23-1, 18 КО) iFL TV-ге берген сұхбатында не себепті қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен  (36-0, 33 КО) жоспарланған жекпе-жегінің өтпей қалғанын түсіндірді. Сондай-ақ, Юбэнк келесі жылы біздің отандасымызбен шаршы алаңға шығуға ниетті екенін жеткізді.

Chris-Eubank-Bradley-Pryce_2869361

Бұл туралы Sports.kz жазды.

«Эдди Хирн бұл жекпе-жекті Келл Брукке беріп, болған жағдайдың шешімін тапты. Біз Головкинмен шаршы алаңға шығу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан едік, олар аяқталуға да шақ қалған. Алайда біз өзіне ұсынған нәрсенің бәріне келісе беретіндердің қатарынан емеспіз. Өзіміз расында да лайықты шарттарға қол жеткізу үшін күресеміз. Ал Келл Эдди не ұсынса да келісе береді. Адамдар Головкинмен жекпе-жекке шықпай қалғаным үшін көңіл-күйім түсіп кеткен шығар деп ойлауда. Иә, мен мүмкіндікті жіберіп алдым, дегенмен кез келген нәрсенің себебі бар. Әлі де болса бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға ниеттіміз және ол 2017 жылы өтеді деп үміттенемін», – дейді Юбэнк.

Жіберіп алмаңыз:

Бокс аңызы Рой Джонс: қазақтың ұлттық тағамы, Головкин және өмірлік ұстанымы туралы

Қостанайда Сәбина Алтынбековаға бәсекелес ару пайда болды (фото)

Головкин жекпе-жегі билеттерінің бағасы қанша

Қанат Исламның келесі кездесуінің қай жақта өтетіні белгілі болды

Талқылау