Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)
Әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасына Ыстанбұл көшелерімен қол ұстасып бара жатқан ата-анасының видеосын жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Видеодан Төлеповтер жанұясының Түркияның алып шаҺары Ыстанбұл қаласында жүргенін байқауға болады.
Есте болса, жуырда Ұлы дала баласының ата-анасымен бірге қажылықта жүргенін жазған едік. Мекке, Медине қалаларында болып қайтқан әншінің отбасы қайтар жолда Түркияға тоқтаған ұқсайды.
Ересек жастарына қарамастан қол ұстасып жүрген жандарды көргенде желі қолданушылары тамсанып қалды. Көпшілік Төлеповтер жанұясына қажылықтарының қабыл болуын тіледі.
«Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін, бақытты болсын», «Өмір жастары ұзақ болсын», «Алла ниеттеріңізді қабыл етсін», «Аман болсын ата-анаң», «Неткен керемет, Жәннатқа қол ұстасып жүгіріп бара жатқандай уайымсыз», – деп пікір білдірді тамсанған желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)
Аша Матай жаңа істі қолға алды
Әнуар Нұрпейісов Whatsapp пен Instagram-да уақытын босқа өткізетін жастарды сынап тастады (фото)
Роза Рымбаеваның кіші ұлы не себепті анасының тегінде қалғанын түсіндірді (видео)