Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстамбұлдағы теракт: Мобильді телефон америкалық азаматтың өмірін құтқарып қалды

АҚШ азаматы Якоб Раак Ыстамбұлдағы теракт кезіндегі жарылыстан ұялы телефонының арқасында аман қалды.

09dab0c3cb2b250dd9f3d094b45ba589_crop_l_7_t_5_w_613_h_345_resize_w_520_h_

Ол 1 қаңтарға қараған түні Reina клубында болған. Раак достарымен бірге өзінің 35 жасқа толған туған күнін атап өткен екен. Атыс кезінде оның аяғы екі жерінен жараланды. Дәрігерлердің айтуынша, екінші оқ оның қалтасындағы телефонына тұрып қалып, жылдамдығын тежеген. Раак жергілікті емханаға жеткізілді.

«Адам айтқысыз қайғылы жағдай. Сіздердің елдеріңіз керемет. Бірақ , осындай жаман істерге баратын адамдар бар», – деп жазады ол.

Айта кетейік жаңа жыл күні Ыстамбұлдағы Reina клубында Санта-клаус костюмін кигендер атыс жасап, 39 адам қаза болды. 69 адам жарақаттанды. Бұл терактіні ДАИШ ұйымы өз мойнына алды. Шабуыл жасаған Өзбекстан не Қырғызстан азаматы болуы мүмкін деп күдіктелуде. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша 8 адам ұсталды.

Талқылау