Әуеге көтерілген ұшақ күйген ботқа иісінің кесірінен қайта қонуға мәжбүр болды
Сочиден Петербургке аттанған ұшақ Сочи әуежайына шұғыл қайта қонды. Деректерге сай экипаждағылар қатты күйік иісінен үрейлен. Ал жерге қонған соң бұл иісі күйген ботқадан шыққаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Baza telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұшақ ұшып кеткеннен кейін экипаждағылар қатты күйік иісінен үрейленіп қайта қонуды сұраған.
Жерге қонған соң, бұл иіс күйген ботқадан шыққаны белгілі болды. Аэрофлотқа арналған азық-түлік өндірушісінің кесірінен таңғы ас бұзылған. Ол қаптаманы герметикалық дұрыс жаппаған. Ал ботқаға қыздыру элементі түскен. Осы бақылаудан кейін ұшақтағы барлық тағам Сочи әуежайына тексеріске жіберілген.
Талқылау