Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшар алдында ішімдік ішіп, жанжал шығарған: Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлының басы дауға қалды

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлының басы дауға қалдыФото: instagram.com/jubanishjeksen

Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлының басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгін Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танымал әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты іс қаралды.

Полицияға арызды жәбірленуші Зауреш Садыбекова түсірген. Әйелдің айтуынша, ол Жұбаныш Жексенұлымен бірге Астанадан Алматыға ұшатын рейске мінбек болған. Әуежайда ол әншіні байқап қалып, таңданысын жасыра алмай: "Бұл сол танымал әнші емес пе?" деп дауыстап жіберген. Бұл сөз әншіге ұнамай, ол сатиралық түрде өзін әнші емес, бишімін деп жауап беріп, орынсыз әрекеттер жасай бастаған. Жәбірленуші бұл сәтті телефонына түсірмек болғанда, әнші оның құрылғысын қолынан қағып түсірген. Оқиға орнына полиция шақырылып, әншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.


"Қазір әуестігім жоқ": Кәмшат Жолдыбаева ішімдікке қатысты ойын бөлісті

"Менде ұят жоқ, маған бәрібір": Танымал актриса Әсел Асқар ер адамның алдында ұятсыз билеп, дауға қалды


"Мен оны қорлаған жоқпын. Тек құрбыларыма: “Ол әнші емес пе еді?” деп сұрадым. Сол сөзіме ашуланып, дөрекі сөйлей бастады да, қолымдағы телефонды қағып жіберді. Кейін бірінші қабатта да тіл тигізуді жалғастырды. Мұның бәрі видеода бар", – деді жәбірленуші сотта.

Жұбаныш Жексенұлы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді және жәбірленушіден көпшілік алдында кешірім сұрады. Сондай-ақ ол ұшаққа мінер алдында алкогольді ішімдік ішкенін мойындады.

Сот әншіні ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Еске салсақ, бұған дейін желі қолданушысы ішімдік бермесе сахнаға шықпайтынын айтқан Төреғали Төреәлінің әрекетіне шағымданған еді. 

Дана Русланқызы
Жұма, 25 Шілде, 2025 20:55
Талқылау